Медициналық қызметкерлерді марапаттау

25 қазан Қазақстан Республикасы күні - Ұлттық мереке қарсаңында Денсаулық сақтау саласындағы көпжылдық және мінсіз еңбегі үшін Денсаулық сақтау министрі А.Гиният Айыртау АА-ның дәрігер педиатры Зураш Курашқызы Тииштыкбаеваны «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады.
Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі А.Гиният Айыртау АА-ның акушер-гинекологы Анжела Анатольевна Баньковскаяға «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін табыс етті.
"Айыртау АА" бас мейірбикесі Светлана Сарбайқызы Оразалина ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен "Шапағат" медалімен марапатталды.


09.11.2023
Қараулар: 286
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы